«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Мемлекет басшысының жаңа кітабы жарық көрді

03.09.2026 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа кітабы жарық көрді.

Бұл еңбек Президенттің ел басқару ісінде ұзақ жыл бойы түрлі мінберлерде айтқан таңдаулы сөздері мен мазмұнды ой-тұжырымдарын жүйелейді.

Жинақ мемлекет пен қоғам дамуы, ұлттық құндылықтар, білім мен ғылым, жастар, мәдениет, заң мен тәртіп, сондай-ақ азаматтық жауапкершілік сынды өзекті бағыттарды қамтитын 21 тақырыптық бөлімнен тұрады.

Президент әр жиында әділеттілік, заң үстемдігі, еңбекқорлық пен руханият мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, аталмыш кітап – тек саяси көзқарастар жинағы ғана емес, елдің өткені мен бүгініне ой жүгіртіп, болашағына саналы жауапкершілікпен қарауға үндейтін маңызды бағдарламалық еңбек.

Scroll to Top