9 мамыр — Жеңіс күні
09.05.2026
·
«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
9 мамыр – Жеңіс күніне орай Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы Орал қаласындағы Жеңіс алаңында өткен гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Музей қызметкерлері Мәңгілік алау мен Даңқ стеласына гүл шоқтарын қойып, соғыс жылдарында ерлікпен қаза тапқан майдангерлерді еске алды.
Мұндай тағылымды шаралар тарихи жадымызды сақтап, жас ұрпаққа бейбіт өмірдің қадірін ұғындыруға бағытталған.