31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
31.05.2026
·
«Теректі аудандық тарихи-өлкетану музейі»
Құрметті ,көрермендер!
?️ 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Бұл – халқымыздың тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің құрбандарын тағзыммен еске алатын күн. Миллиондаған адам ашаршылықтың азабын тартып, мыңдаған жазықсыз жандар саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.
Бүгін біз өткеннің ауыр сабақтарын ұмытпай, азаттық пен тәуелсіздіктің қадірін терең сезінеміз. Қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіп, олардың есімдерін мәңгі жадымызда сақтаймыз.
?️ Тарихты ұмытпау – болашақ алдындағы жауапкершілік.