Араб тілінде жазылған кітап. Кітапты сақтап ұрпақтарына жеткізген 1962 жылы Орынбор облысы Димитровка ауылынан Шоқтыбай ауылына көшіп келген 1917 жылы туылған Жоламанов Ғабдітәліп Жоламанұлы. 1999 жылы дүниеден өткен қария өзінің мұрасын ұлы Маратқа тапсырған. Қолда 4 бөліктен тұратын мұралар сақталған.
І. Араб тілінде жазылған кітап, көлемі 29*19 см. Кітаптың мазмұны Құран аяттары болуы мүмкін. 266 беттен құралған. Шыққан жылы белгісіз.
ІІ. Араб тілінде жазылған кітап, көлемі 11*17 см. 1908 жылы Қазан қаласында «Император университеті» типографиясында басылып шыққан. Кітап «Сенім шарттары» деп аталып, құранның сүрелері мен аяттары жиынтығынан тұрады. Барлығы 28 бет. Шыққан жылы белгісіз.
ІІІ. Жоламанов Ғабдітәліптің қолымен жазылған араб тіліндегі қолжазбалар. Барлығы 34 бет. Мазмұны анықталмады, шыққан жылы белгісіз.
ІV. Араб әрпінде жазылып, типографияда басылған шығарманың фрагменттері. Жинақ болып сақталмаған. Мазмұны анықталмады, шыққан жылы белгісіз.