«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»
Басты бет / Музейлер / Е.Пугачев музей -үйі

Е.Пугачев музей -үйі

Қаламыздағы көне тарихи ескерткіш болып саналатын Е.Пугачев музей-үйі халық аузында «Казак патшайымының ордасы» деген атаумен  белгілі. Бұл үй XVIII ғасырдың орта шенінде салынды. Музей орналасқан ғимарат 1773-1775 жылдары Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің белсенді қатысушыларының бірі, казак Петр Кузнецовтың үйі.Жайық қалашығында өткен осындай тарихи оғиғалардың куәгері болған бұл үйден Жайық казактарының тұрмыс-тіршілігімен қатар Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысты көптеген мәліметтермен таныса аласыздар. Соның ішінде XVIII ғасырға тән қару-жарақ топтамасы, Екатерина II сыйға тартқан атаулы қылыштар, тапаншалар, ядролар, шойын зеңбіректер, атаман М.Бородинге Екатерина II сыйға тартқан қолғап және тағы да басқа көптеген жәдігерлер жинақталған.   Келушілерге музейде 4 зал ұсынылады. Одан бөлек келушілер назарына музейдің сыртқы «Казак ауласы» деп аталатын бөлімінде жазғы ас үй, жер асты қоймасы көрсетілген.Орал, Деркөл, Шаған өзендерімен қоршалған қала тұрғындарының негізгі кәсібі – балық аулау болды. Өйткені өзендер балыққа өте бай. Осыған орай  «Казак ауласында» қайықтардың бірнеше түрлері ұсынылған.Жалпы Орал қаласы ХІХ ғасырда орыс интеллигенциясының назарын өзіне бұра бастады. Біреулерді Ақжайық өңірінің тереңде жатқан тарихы қызықтырса, енді бірі өлкенің тамаша табиғатына сапар шекті. Соның бірі, 1833 жылдың күзінде Оралға арнайы келген орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин мінген күйменің көшірмесі ерекше көз тартады.

 

 

Scroll to Top