«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»
Басты бет / Экспозиция залдары / Жаңарған өлке залы

Жаңарған өлке залы

Бұл залда Ақпәтер ауылдық округінің мекеме ғимараттарының суреттерімен қатар, ауылға газ құбырының тартылуы, Ақбұлақ суының келуі және тартылған Киров-Чижа каналы арқылы Қараөзен өзеніне су құйылу сәтінен көріністерді, Ақпәтер алма бағы мен ауыл табиғаты туралы тамашалауға болады.

Спорт саласында әлемдік, халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық деңгейде өз шеберліктерін көрсетіп, жетістікке жеткен ауыл спортшылары мен 1990 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатырған «Ақпәтер палуандары» дзюдо үйірмесінің жаттықтырушысы Жеңіс Стамғазиев мен бірқатар оқу-ағарту бағытында жұмыс жасаған озат ұстаздар туралы мәліметтерге қанық бола аласыздар.

Scroll to Top