«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»
Басты бет / Экспозиция залдары / Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған зал

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған зал

Бұл бөлменің қабырғаларында соғыс болған ауыл мен ұрыс даласының көріністері бейнеленіп, Фурманов аудандық әскери комиссариатының шақыруымен 1941-1945жж сол кездегі Красный партизан совхозынан Ұлы Отан соғысына Отан қорғау үшін алынып, аман-есен елге оралып, әр салада жемісті еңбек етіп шаруашылықтың экономикасын көтеруге, халықтың әл-ауқатын, тұрмыстық жағдайларын жақсартуға зор үлес қосқан соғыс ардагерлерінің фотолары мен өмірбаяндары жасақталған. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысында қолданылған қару-жарақтартың түрлері: Мосин винтовкалары, Шпагин пистолет-пулеметі, Калашников автоматы, Симонов КСК-45 карабині, тапанша ГШ жүйесі, қызыл әскер солдатының шинелі, бас киімі, етігі, плащ-палаткасы, солдаттардың жеке пайдаланылатын керекті заттары: каскасы, флягасы, сапер күрегі және солдат хаттарының көшірмесі, офицер планшеті, ағаштан жасалған блиндажға орнықтырылған «Максимка» пулеметінің макеті орналастырылған.

Scroll to Top