«Ұлт руханияты» залы.
Түркі және қазақ халқының әліпбиіне арналған экспозицияда ХІХ ғасырда жазылып, басылған араб және шағатай тілдеріндегі көне кітаптар, Батыс өлкесіне ғана тән зергерлік бұйымдар, ХVІІІ ғасырда өмір сүрген, батыр Табын Бөкенбай Қарабатырұлына арналған бұрыш, қазақ халқының төл өнері киім үлгілерінен, ағаштан, мыстан жасалған ыдыс-аяқ бұйымдарынан көрме, киіз үйдің ішкі құрылысынан көріністер орын алған.