«М.Шолохов Батыс Қазақстанда» залы.
Орыс жазушысы М.Шолохов Батыс Қазақстанды 30 жыл бойы мекен еткен. Бұл залда жазушының біздің өңірде болған сәттерінен әр түрлі фотосуреттер, кітаптар, хаттары сақталған. Соғыстан кейін, 1945 жылы күзден 1972 тамыз аралығында ол бірнеше рет Орал өңірінде болу мақсаты — тек қана аң аулап, балық аулауға ғана емес, жұмыс істеп, шығармаларына шабыт алды. Музей жазушының Қазақстанға деген сүйіспеншілігі мен Жайық өңірінің кең даласын, оның еңбекқор халқына деген құрметін көрсету мақсатында ашылды. Соғыс біткеннен кейін жазушы М.Шолохов 1945-1972 жылдар аралығында, 30 жыл бойы Қазақстанды мекен етті. Орал өңірінің көптеген ауыл, совхоздарында Құрманғазы ауылы, Шағатай, Ақсоғым ауылы, Саралжын ауылы, Жаңақала ауданы, Шалқар көлінде бірнеше рет болды. М.А.Шолохов өлкенің көп жерін аралап, еңбеккерлермен кездесті. Екі рет 1964 ж және 1969 жылы А.Н.Островкий атындағы драмтеатрда облыс қоғам өкілдерінің алдында сөз сөйледі. Бұл жерде Орал өңірінде жүрген кезде Нобель сыйлығының иегері атанғаны туралы хабар келді. М.А.Шолоховтың есімі өлкеміздің әдеби шежіресінде мәңгілік жазылды.