«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»
Басты бет / Экспозиция залдары / Қазақ хандығы залы

Қазақ хандығы залы

«Елтұтқа» галереясы ілінген. Картинаның авторы Қазақстанның мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Нұржан Қарымсақов. Туынды — қазақ елін қалыптастыруға, қорғауға және дамытуға үлес қосқан тарихи және заманауи 117 тұлғаның бір арнаға тоғысқан бірегей көркем галереясы.

 

Хандар портреті: кенепке майлы бояумен салынған Керей мен Жәнібектен бастап, Есім хан, Қасым хан, Әбілқайыр хан, Абылай хан және Ішкі Орданың негізін салушы Бөкей мен реформатор Жәңгір ханның портреттері арқылы мемлекеттілік хронологиясы көрсетілген.

 

«AIZAN ABDUBAIT» зерлеу және қолданбалы өнер авторлық үйінің негізін қалаушы, белгілі өнертанушы Айжан Абдубаиттың қол жұмысы — Әбілқайыр ханның шапанының негізінде, ақ жүннен жасалып, зерделі жіптермен әшекейленіп тігілген, құндыз жағалы шапан мен бас киім (мұрақ). Билік пен абыройдың символы ретінде қолданылатын темірден жасалған, ұзындығы 1,5м Аса таяқ орналастырылған.

«Бес қаруын асынған» — деп қазақ халқының батырлар дәуірінде жауынгердің айбары мен айбынды рухын танытатын жарақтар жиынтығы- шоқпар, қанжар, қылыш, найза, жебесімен садақ және батырдың қорғаны қалқан мен сым сауыты, дуылғасы орналастырылған.

Салт аттының отыруына арналған ат әбзелінің негізгі бөлігі, ағаштан жасалып, былғарымен қапталған, күміспен әшекейленіп, өрнектеліп жасалған ер тоқым мен тобылғы сапты сегіз өрімді қайыстан өріліп жасалған қамшы қойылған.

Scroll to Top