Карталар залы
Ақпәтер тарихи-өлкетану музейінің логотипі;
Батыс Қазақстан облысының, Казталов ауданының әкімшілік-аймақтық бөліктері бейнеленген картасы;
Казталов өңірінің керемет (киелі) жерлері: Шағала аралы, Жалпақтал қалашығы, Ақбөкен мекені, Қызғалдақ алаңы, Еділбай соры, Овчинников үйі, Байтұрған Байбаласы жері, Бесоба жері бейнеленген картинка;
1926 жылғы көкжиекті түсірілім негізінде құрастырылған Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы Красный партизан қой совхозының ішкі шаруашылықты жерге орналастыру жоспары;
Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар қасиетті орындарының тізімі мен Қазақстанның жергілікті маңызы бар қасиетті орындарының тізімі бейнеленіп, көрсетілген картинасы;
1919 жылғы 10 наурыз Чапаев дивизиясының Порт-Артур, Сламихин станицасын ақ казактардан азат ету шайқасының тарихы. Сламихин станицасының бай көпестерінің шеберлерге құрастыртып Қараөзен өзенінің үстімен жүргізілген бу кемесінің тарихы;
Алгемба пойыз жолы құрылысының тарихы бейнеленіп көрсетілген схематикалық картинасы;
Порт-Артур газ-кен орнын барлау схемалары ұсынылған.