Қадыр Мырза Әлі және аудан мәдениеті залы.
Қадыр Мырза Әлінің бұрышымен басталады. Оның жазу үстелі қойылып, машинкасы, мантиясы мен шапаны, тұтынған заттары, фото суреттері оның өмірі мен шығармашылығын қамтиды. Сонымен қатар аудандық ақпарат саласының ардагерлері, аудандық Сырым елі газеті тарихы, ақын-жазушылар, Қазақ ССР-нің білім беру саласының үздіктері мен алғашқы халық мұғалімдері, ауданнан шыққан ғалымдар, мәдениет саласының үздіктері, театр тарихы заттай жәдігерлер мен фотосуреттер арқылы экспозицияда көрініс тапқан.