Хамза Есенжанов залы.
Біздің өңір мақтанышы, жерлесіміз — Теректі ауданы, Сарыөмір ауылының тумасы Хамза Есенжановқа арналған экспозиция ұсынылған. Мұнда жазушының баспа машинасы, фотосуреттері, жазу үстелі, жеке заттары мен портфелі қойылған. Бұл жәдігерлер қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолынан сыр шертеді.