Еңбек ардагерлері залы
Ақпәтер ауылының ауыл шаруашылығында еңбек еткен малшы-шопандар мен механизаторларға, жұмысшы мамандарға, 1984-1986 жылдары жұмыс жасаған «Мұрагер» жастар комсомол бригадасына арналып жасақталған фото стенд пен тумба-альбомдар қойылған. Тумба-альбомдарда фотоларымен бірге өмірбаяндары, жасаған жұмыстарына байланысты эпизодтық суреттері берілген.
Біртартар-Порт-Артур-Ақпәтер ауылы атауының шығу тарихын баяндайтын макет.
Александров-Гай – Эмба темір жолы — «Алгемба» мұнай құбырларын тасымалдау мен темір жол құрылысын салу кезінде Ақпәтер ауылының елді мекені Байтұрған қыстағының тұсында өзеннен көпір арқылы өткен сынақ пойызының, көпірдің еменнен салынған свайларын көрсетіп, бейнелейтін көрініс.
1961 жылы Ақпәтер ауылының жер асты мұнай қорын зерттеу кезінде орын алған зерттеу мұнарасының жарылыс оқиғасының тарихын бейнелейтін стенд.
Сламихин станицасының бай көпестерінің шеберлерге құрастыртып Қараөзен өзенінің үстімен жүргізілген бу кемесінің тарихын бейнелейтін көрініс.
Ақпәтер ауылына қарасты елді-мекендер мен шаруа қожалықтарының орналасқан жерлерін көрсететін баннер.
Залда Кеңестік дәуірде қолданыста болған тұрмыстық заттар да орналастырылған: күбі шелек, қымызды бөтелкелерге жабатын қондырғы, шұжық цехында қолданылған үлкен электрлі ет тартқыш машинасы, сабымен ағаш келі, сабымен темір келі, диірмен тас, қолмен басқарылатын механикалық арифмометр, ауыл шаруашылық саласында үздік нәтиже көрсеткен комбайн жүргізушілеріне берілген «Лучшему комбайнеру» вымпелі.
Осы қойылған экспозицияны тамашалай отырып, тарихымен кеңінен таныс бола аласыздар.