Домбыра тарихы залы
Қазақ халқының ең кең тараған қос ішекті, көп пернелі көне музыкалық аспабы — домбыраға арналған. Мұнда көне домбыра үлгілері, соның ішінде Алтай тауындағы сырлы үңгірден табылған, V ғасырда түркі бабалар қолына ұстап күй толғаған абыз домбыраның макеті және қазақ даласында сақталған аңыздарға байланысты суреттер қойылған.