«Аудан тарихы» залы
Аудан тарихы туралы мәліметтер, соның ішінде, ауданның Ресей империясының құрамында болған кездегі аудан тарихына қатысты ақпараттар, сол заманға тиесілі қару-жарақтардың фрагменттері, облигация түрлері, Орынбор мен Батыс Қазақстан облыстыры мемлекеттік мұрағаттарынан алынған құжаттардың көшірмелері, ҰОС ардагерлеріне арналған бұрыш, майданнан келген хаттардың көшірмелері, алғыс хаттары мен ҰОС ардагерлеріне қатысты құжаттар. Өткен ғасырда халықтың пайдаланған тұрмыстық бұйымдары және сол кезде қызмет атқарған тұлғалар туралы ақпараттар орналастырылған.