«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»
Басты бет / Экспозиция залдары / Археология және палентология залы.

Археология және палентология залы.

Батыс Қазақстан облысының археологиялық ескерткіштері аймақтың көне дәуірден бүгінге дейінгі тарихынан сыр шертетін мәдени мұралар. Бұл ескерткіштер ежелгі адамдардың қоныстары, обалар, тас қоршаулар, жерлеу орындары мен ортағасырлық қалашықтар түрінде кездеседі.  Палеонтология — бұл өткен геологиялық дәуірлердегі организмдерді олардан жер қыртысының қабаттарында сақталған әртүрлі қалдықтар бойынша зерттейтін ғылым.

Палеонтология залы ежелгі жануарлардың қазба қалдықтарын бейнелейтін жердегі тіршіліктің эволюциясын көрсетеді. Жануарлардың тасқа айналған қалдықтарымен ұсынылған – мамонттардың, пілдің және т.б. экспонат түрлері көрсетілген.

Музейдің археология залы өлкенің ежелгі тарихын, неолит дәуірінен бастап және орта ғасырдағы кезеңін көрсетеді. Архелогиялық жәдігерлер қола найзаның ұштары, қола айна. Тас құрбандық, сармат акинактары, керамикалық ыдыстар ерекше қызықтырады. Мұнда ертеден шоғырланып ғайып болған жануарлар хазар пілі, бизон, мамонттардың қалдықтары жинақталған.

Scroll to Top