«Археология» залы.
Экспозицияда көптеген құмыралар ұсынылған. Сонымен қатар сарматтар қорымы маңынан табылған қола айна, құрбандық тастары, ат әбзелдері, ер адам мен әйел адамның жерленгендегі заттары және тиындар қойылған. Залдың ең құнды жәдігерлерінің бірі — әлемдік деңгейде бірегей саналатын Тақсай ханшайымының тарағының көшірмесі. Бұл жәдігерлер көне дәуір мәдениетінің байлығын айқын көрсетеді.