«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Жез шәйнек

Жәнібек аудандық тарихи-өлкетану музей бөлімі
Жез шәйнек

Сипаттама

Иесі: Қарекесов Өтеу, 1917 жыл

Өлшемі: 5 л

Материалы: Жез

Техникасы: зауыттық өндіріс, металл денесі дөңгелектеп соғылған; қақпағы мен тұтқасы

Инвентарлық нөмірі: ЖМБ№20/1

Жәнібек аудандық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы бұл жез шәйнек – ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ тұрмысының маңызды жәдігері. Ол шай мәдениеті мен қонақжайлық дәстүрін, қарапайым ауыл тұрмысының ерекшелігін көз алдымызға әкеледі.

Жәдігер иесі 1917 жылы туған Қарекесов Өтеу, ауыл шаруашылығы мен тұрмыстық еңбекте өмір бойы адал қызмет атқарған қарапайым адам. Жез шәйнек қазақ отбасының күнделікті тұрмысында кеңінен қолданылған: шай қайнату, сусын дайындау, ас әзірлеуде қосымша ыдыс ретінде, сондай-ақ көшпелі өмірде жолға алып жүруге арналған. Металл шайнектердің ішінде жезден жасалғандары ең бағалы болған, себебі жез – жылуды жақсы сақтайтын, берік, бұзылмайтын материал. Бұл шәйнек ХХ ғасырдың 40–50-жылдары ауылда белсенді пайдаланылған, кейін отбасы оны музейге тапсырған. Шәйнектің корпусы дөңгелек, қабырғалары қалың, материалы – жез, түсі табиғи қоңыр-сары, уақыт өте қоюланған. Жоғарғы бөлігінде кең ауыз, оған сәйкес жез қақпақ және үстінде кішігірім тұтқа бар. Күйгенкөл ауылының тұрғыны Қарекесова Гүлнар Өтеуовна музейге осы шәйнекті тапсырған. Оның айтуынша, атасы Өтебаев Қаракес өте шебер адам, кіші Басқұншақта тұз өндірісінде жұмыс істеген кезінде осы шәйнек пен табақтарды әкелген. «Үй ішіміз шәйнекті қолданып жүргенде «Ленин атаның шәйнегі» дейтінбіз, себебі орыс суретшісі Аркадий Рыловтың 1917 жылғы картинасында көсемнің ағашқа ілініп, отқа қойылған осындай шәйнегі бейнеленген», – дейді Гүлнар Өтеуовна.

Осылайша, жез шәйнек қазақ халқының шай ішу мәдениеті мен қонақ күту дәстүрін, сондай-ақ ауыл тұрмысының қарапайым, бірақ мәнді кезеңдерін көрсететін ерекше тарихи жәдігер болып табылады.

Scroll to Top