Жабайы шошқа тұлыбы
Сипаттама
Жабайы шошқа тұлыбы
Тип: Хордалы
Сынып: Сүтқоректілер
Отряд: Жұптұяқтылар
Түрі: Қабанның тұлыбы
Өлшемдері: биіктігі 85см, денесінің ұзындығы 136 см, құйрығының ұзындығы 35 см.
Жалтыркөл қорықшасында, Көшім және Киров шаруашылығында бар. Ағаш тамырларымен қоректенеді.
А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетінің зоология кафедасынан алынды.
Жабайы шошқаның дене бітімі тығыз әрі ірі, тұлғасы бүйірінен сәл қысылған, алдыңғы бөлігі артқы жағына қарағанда жақсырақ дамыған. Жуан, қысқа мойнында үлкен сына тәрізді бас орналасқан. Құлақтары ұзын әрі жалпақ, көздері кішкентай, ал тұмсығы алға шығыңқы, қозғалыстағы тұмсық ұшы (пятачок) арқылы топырақты қазуға өте бейімделген. Ересек қабан қатты тоң боп жатқан жерді 15—17 см тереңдікке дейін тұмсығымен қаза алады. Құйрығы тік, жіңішке, ұзындығы 20—25 см, ұшында қылшық жүннен тұратын шоқ бар.