В. А. Тропининнің «Атаман Бородин» портреті
А.С.Пушкин музейі
Сипаттама
Орыс суретшісі Василий Тропининнің туындысы, түпнұсқа. Портрет 1827 жылы салынған. Д.М.Бородин қатысқан 1812 жылғы Отан соғысы кезінде орыс армиясында 1226 қазақ жігіті әскери борышын өтеген, бірақ жазбаларда олар башқұрттар деп көрсетілген. Олардың ішінде Әмен Байбатыров, Нарынбет Жанжігітов сияқты қазақтың тана руынан шыққан екі жігіттің есімдері жиі аталған. Шайқаста қаһармандық көрсетіп, ерлігімен көзге түскен Әмен Байбатыров күміс медальмен марапатталған. Портрет Санкт-Петербургте салынған.
Бородиннің мундирі сол жерде тігушіден арнайы тапсырыспен жасалған.
Музей қорының толықтырылу тарихы белгісіз, ол алғашқы экспонаттарының бірі болған.
Өлшемі: 102х74