«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Тақсай ханшайымы

«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
Тақсай ханшайымы

Сипаттама

2012 жылдың  күзінде  БҚО тарих және археология орталығының археологтары Теректі ауданындағы  Долинное елді мекенінің маңында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Тақсай-1 оба кешенінен табылған «Алтын әйел» қабірін шамамен б.д.д ІVғ. соңы мен V ғ.ортасы деп жорамалдап, ежелгі сармат кезеңіне жатқызады. Қабірден  әйел адамның алтын әшекей бұйымдары, ерекше шошақ төбелі алтындаған бас киім қалдығы, соғыс көрінісі бейнеленген тарақша т.б.-жалпы  салмағы 3 келіге жуық көптеген алтын бұйымдар алынды. «Таксай оба кешені» — деген шартты атауға ие болған  археологиялық қазба жұмыстарына БҚО тарих және археология орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Н.Сыдықов жетекшілік жасап, қазба жұмыстарын осы орталықтың ғылыми қызметкері Яна Лұқпанова басқарған отряд жүргізді.

Scroll to Top