«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

 Сүргі

Мұхит Мералиев атындағы тарихи – өлкетану музейі
 Сүргі

Сипаттама

БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылының тұрғыны Мүзаир Бердіғалиұлы Мұхит Мералиев атындағы тарихи – өлкетану музейіне сый ретінде тапсырған. Сүргі – ағаштан жасалған, ағашты сүргілеп, тегістейтін, тіпті, ою-өрнекпен әрлейтін құрал.  2(екі) қалыпта  «БН» деген және 3-ші қалыпта «1867-1947, Бөкесұлы Нүриден, тапсырған Мүзаир» деп күйдіріліп жазылған жазуы бар. Жарылған, ескірген.

Қаратөбе көшпенділер жолы болғандықтан, халықтың көбейіп аурудың көбеюіне байланысты аурухана ашу қажеттілігі туындайды. 1930 жылы сол кездегі Саралжын ауылында Қарасу бойындағы ертеде мешіт болып тұрған Қарақамыс, Дәуқора үйлерінің қызыл кірпіштерін бұздырып, өгіз, ат арбамен тасып «қызыл бәлніс» атанған 25 төсектік жаңадан аурухана құрылысы басталып, сол кезде елге танымал ағаш шебері, ұста болған Нүриден Бөкесұлы осы сүргімен ағаштарды сүргілеп, аурухана құрылысына ат салысқан екен. Нүриден Мүзаирдің әкесі Бердіғалидің ағасы. Мүзаирға шеберлік осы кісіден дарыған екен.

Материалы —  ағаш.

Көлемдері — 40х10, 32х8, 27х6 см.

Scroll to Top