«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Орта ғасырлық сауыт

Шыңғырлау тарихи-өлкетану музейі
Орта ғасырлық сауыт

Сипаттама

Музей қорындағы ерекше жәдігерлердің бірі — соғыс киіміндегі сарбаз мүсіні.

Бұл мүсін батыр бабаларымыздың жауынгерлік бейнесін көз алдымызға әкеледі. Оның үстіне кигізілген құяқ сауыт пен жауынгерлік көбе – ортағасырлық қолөнердің  шыңдалған туындысы.

Құяқ сауыт -темір мен былғарыны біріктіре тоқу арқылы жасалған, жауынгер денесін қорғауға арналған киім. Ол жаудың қылыш, найза, жебе сияқты қаруларынан сақтайтын негізгі қорғаныс құралы болған.

Сарбаздың бір иығына ілінген садағы мен арқасындағы қорамсағы — ежелгі көшпелілердің айнымас серігі. Бұл жауынгердің соғысқа әрдайым дайын, рухы биік болғанын білдіреді.

Scroll to Top