Оқшантай
Сипаттама
Ертеде білтелі мылтықты оқтау үшін қолданылатын сиыр малының мүйізінен жасалған аспап.Мүйіздің жалпақ жағы ағашпен бітеліп ортасынан тесік шығарған, ұш жағын тескен және 2,8см- ге иінді жағының ішкі жағын жырған. Бір қабырғасынан қайыспенен бекітіп бау шығарған, баудың ұшына оқ –дәрі және бытыраны өлшеп салатын ыдыстардың әр қайсысының түбіне қайыспен іліп байлау үшін шығыршақтар бекіткен. Оқшантай қазақ аңшылары мен жауынгерлерінің дәстүрлі құрал-жабдығы, негізгі қызметі- мылтықтың оқ-дәрісі мен бытырасын салып, өлшеп, сақтап , мылтықты оқтауға арналған.
— 1885 ж қазақ қолөнер шеберлері мен ұсталарының қолынан шыққан
Сапасы: жақсы сақталған Ірі қара малының мүйізі, жезден жасалған арнайы өлшеуіш құты.
Көлемі: Оқ-дәрі салатын бір жағы бітелген цилиндр формалы ыдыс биіктігі 2см,дм 1,3 см. Бытыра салатын ыдыс конус ретінде жасалған биіктігі 5,5см,конустың беті d-2,3см. Ұзындығы 15см.
Тапсырған адам: Жұмағалиев Жақсылық, Ақпәтер ауылының тұрғыны, зейнеткер,Ақпәтер жері өзені бар,көлі бар,жағалауында ну қамыс,жыңғыл, қоға өсетін, терең сай-саласы бар Балықты көлінің маңайы аң-құсқа толы,суы балыққа бай жер болатын, сондықтанда бұл жерде аңшылық кәсіпке айналған. Арғы атасы Жұмағалидың құралы, атадан балаға,баладан немересіне беріліп келе жатқан құнды жәдігер.