«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Мажор арба

Ақпәтер тарихи-өлкетану музейі
Мажор арба

Сипаттама

Қазақ халқының ертеден мал азығын,басқалай жүктерді  тасу үшін қолданылатын мажор арба.Төрт дөңгелекті,басқа арбалардан ұзын,қалқанды болып келетін арбаның түрі. Бұған өгіз, жылқы, түйе көліктері жегіледі.Шамамен 15-20 центнер пішен тиеп әкелінеді. Арбаның ауыр-жеңіл жүк тасуына байланысты арбаға дышол (қиға) (бұл ауыр жүк тасу үшін) екі көлік жегу үшін қолданады. Екі оғлөп (бұл жеңіл жүк тасығанда) бір көлік жегу үшін қолданылады. Артқы қалқанның үстінен артқы дөңгелектің осінің ортасына дейін темірден тіреуіш қойылған,бұл үстіне тиелген жүктің салмағының әсерінен қалқан дөңгелекке тимес үшін қойылған тіреу. Арбаның қанатына салынатын шабақ темірден не қайың ағаштан жасалынады.1910 жылдардағы үлгі.

Сапасы: Ағаш темірден 1935 жылы жасалған. Көлемі: Мажор арбаның екі осьнің ортасы 2м 88см, үстіңгі қалқанының ұзындығы 3м 20см, астыңғы ені 70 см, үстіңгі ені 1м 35см,қалқанының биіктігі 70 см. Тіреудің биіктігі 85 см. Бір жақ қалқанында 19 шабақ
Тапсырған адам: Утегулов Кәрім Тажмағанбетұлы, Ақпәтер ауылының тұрғыны,

Scroll to Top