«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Күміс фалар

«Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК
Экспозиция залы: Археология залы.
Күміс фалар

Сипаттама

Археология ғылымында сарматтар кезеңіне (біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырдан – біздің дәуіріміздің IV ғaсыры aралығы) қатысты ерекше құнды жәдігер – күміс фаларларды 1981 жылы А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының Ғаяз Кушаев басқарған археологиялық экспедициясы тапқан. Табылған жері – қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданының территориясындағы Володарка І қорымы №4 оба.

Фалар — былғары өмілдірік белдіктерін бекітіп, реттеуге арналған ат әбзелінің бір бөлігі. Бастапқыда мұндай металл қаптырмалар жауынгерлердің дулығалары мен сауыттарында пайда болған, кейінірек ат жабдығының бөлшегіне айналды. Текті сарматтарда фаларлар иесінің мәртебесі мен байлығын көрсететін әбзел әшекейі қызметін де атқарған. Қымбат металдардан жасалған фаларлар тек салтанатты жағдайда қолданылған. Сондай-ақ олар көбіне жылқы жабдығына қатысы жоқ заттардан, мысалы металл ыдыстардан қайта жасалған.

Сарматтар кезеңіне қатысты мұндай фаларлар бұрын-соңды талай табылған. Бірақ олар негізінен кішкентай болып келеді. Дәл осындай көлемді фалар Санкт-Петербургтегі Эрмитажда ғана бар екен. Бзд ІV ғ. Володарка І қорымы, курган 4 табылған.

 

Scroll to Top