Күйші Құрманғазының сауыты (ХІХ ғасыр)
«Домбыра – ұлттық рух» музейі
Сипаттама
| Алдыңғы жағында тігіс орны бар темір сақиналардан тоқылған көне сауыт. Бұл жәдігер Фурманов ауданы, Көктерек ауылдық кеңесіне қарасты «Правда» колхозында тұрған Құрманғазының туысы Байлыстың әйелінен алынған. Сауытты музейге Құдайберген тапсырған. Байлыстың әйелінің тегі белгісіз. Жәдігердің беті тот басқан, кейбір сақиналары үзілген.
Сақталу күйі: тот басқан, сақиналары жартылай үзілген Инвентарлық нөмірі: №128 Шығу тегі: Фурманов ауданы, Көктерек ауылдық кеңесі, «Правда» колхозы Беруші: Құдайберген (Байлыстың әйелінен алынған) Орналасқан орны: музей қоры |