Күбі
Ақпәтер тарихи-өлкетану музейі
Сипаттама
Қымызды ашыту үшін емен ағашынан жасалған құрал. Биіктігі 94см, күбінің үстіңгі көлбеу бетінің диметрі 25см, астыңғы табаны 40 см. Бетінде ағаштан жасалған қақпағы бар. Қақпақтың күбінің ішіне кіріп тұратын тесігі 22 см,сол қақпақтың дм 27 см. Күбінің ішіне құйылған қымыздың пісетін піспектің ұзындығы 1,2 м қымыздың пісетін піспектің астыңда бекітілген дөңгелектің дм 15 см, дөңгелек бес жерден тесілген, дм 2,5 см. күбі шелек 4 жерден құрсауланған.
Сапасы: Емен Ағаш. 1955 жылы жасалған.
Көлемі: Биіктігі 94 см, күбінің үстіңгі көлбеу бетінің диаметрі 25см, астыңғы табаны 40 см.
Тапсырған адам: Утегулов Кәрім Тажмағанбетұлы, Ақпәтер ауылының тұрғыны, анасы Қапиза әженің пайдаланған ыдысы.