«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Көне киросинді примус

Жәнібек аудандық тарихи-өлкетану музей бөлімі
Көне киросинді примус

Сипаттама

Иесі: Төлеген Ибатов, 1958 жыл

Материалы: латунь, сталь, металлический сплав

Техникасы: с завода

Өлшемі:биіктігі -25 см, корпус диаметрі – 10 см, салмағы -1,2кг

Инвентарлық нөмірі: ЖМБ№235/1

Музейге біздің жерлесіміз, зейнеткер Төлеген Ибатов келіп, қорымызды бірнеше құнды жәдігермен толықтырды. Жаңа түскен заттардың ішінде көне керосинді примус бар. Бұл примус – ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы тұрмыстық мәдениетті айқын көрсететін жәдігер. Металдан жасалған, сыртқы қабаты жақсы сақталған бұл құрал алыс сапарларда, дала жұмыстары барысында және күнделікті өмірде қолданылған. Уақыт бедері байқалғанымен, оның ішкі жылу оқшаулағыш қабаты және сол кезеңге тән өндірістік ерекшеліктері толық сақталған. Сондықтан бұл керосинді примус өткен ғасырдың тұрмысын дәл бейнелейтін құнды мұра болып табылады.Жәдігерді музейге тапсыру барысында Төлеген Ғалиханұлы заттың шығу тегі мен өз әулетінің тарихы жөнінде құнды мәліметтермен бөлісті:

«Менің әкем, Ғалихан Ибатұлы, Тегісшіл ауылында дүниеге келген. Ол ұстаздар әулетінен шыққан және жастайынан еңбекқорлығымен, жауапкершілігімен көзге түскен. 1942 жылы әскерге шақырылып, Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарын бастан өткерді. 1944 жылы 87-ші Красноград Қызыл тулы гвардиялық артиллериялық дивизиясының құрамында Днепропетровск облысы аумағындағы шешуші шайқастарға қатысып, бірнеше рет жараланды. Көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен және бірнеше жауынгерлік медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін де ол елге адал қызмет етіп, бүкіл өмірін білім беру саласына арнады. Әкемнің педагогикалық өтілі 44 жылды құрайды. 1961 жылы Тегісшіл елді мекенінде алғаш рет бастауыш мектеп ашылып, әкем сол мектептің алғашқы меңгерушісі болып тағайындалды. Ол ауылдың рухани дамуына және жас ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қосты. Біздің үйде талай жыл қолданылған керосинді примус та – отбасы тарихының бір бөлігі. Шешем оны көбіне ас дайындау үшін қолданса, әкем – дала жұмыстары кезінде пайдаланған. Латуннан жасалған, корпусында «MADE IN USSR» деген белгісі бар бұл шағын қыздырғыш құрал ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы техникалық деңгей мен тұрмыстық мәдениеттің айқын айғағы болып табылады», – деп әңгімеледі Төлеген Ғалиханұлы.

Scroll to Top