Келі мен келсап
Ақпәтер тарихи-өлкетану музейі
Сипаттама
Келіге салынған дәнді-дақылдарды, түйіршік заттарды түю арқылы уататын құрал,келінің сабы. Келсапты арнайы көлеңкеде әбден кептірілген жуан, қатты ағаштан жасаған. Келсаптың дән түйетін басы сабынан салмақты болып жасалып, ағаш діңнің ортасынан ойып шабу арқылы екі қолмен ұстап түю үшін қос тұтқа шығарылған.
1927 жылы жасалған.
Сапасы: Ағаш
Көлемі: Ұзындығы-90см; Ені-10см, ортасындағы тұтқасының ұзындығы-16 см.
Тапсырған адам: Салахов Қайрат, Бөрлі ауданының тұрғыны, анасының тары, бидайларды түйіп, ұнтақтап көже пісіру үшін пайдаланған құралы.