«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Қалта сағаты (1995 ж.)

Сәкен Ғұмаров музей-үйі
Қалта сағаты (1995 ж.)

Сипаттама

Сәкен Ғұмаров тұтынған бұйым­дардың бірі – шынжыр баулы қалта сағаты .

1995 жылы музейге суретшінің жары Гүлсара Уәлиқызы осы қалта сағатын тарту етті. Челябі сағат жасау зауытынан шыққан. Маркасы «Молния». Зауыт 1947 жылдың 17 қарашасынан бастап 2007 жылға дейін осы маркалы қалта са­ғаттарын шығарған. Музей қорына суретшінің қалта сағаты тапсырылғанда шынжырлы бауы болмаған (Темірден өріліп жасалған шынжырлы бауы). Сағаттың алдыңғы бетін­де Молния және төменгі жағында «СССР» деген жазуы бар, сағат пен минут көрсететін тілдері бар. Секунд көрсететін тілі сағат бетінің асты жағында орналасқан. Уақыт бірліктері араб сандарымен көрсетілген. Сағаттың артыңғы бетінде Челябі қаласы, Привокзальный алаңында  1967ж орнатқан темір өндіруші ұстаның монументі және төменгі жағында «Сказ об Урале» деген жазуы бар. Диаметрі 4,6 мм, қа­лыңдығы 1,65 мм. Суретшінің ұстаған сағаты бұл күнде құнды жәдігер ретінде музей экс­позициясына қойылып, көпшілік назарына ұсынылған.

Scroll to Top