«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Хаби Халиуллиннің ордені мен кітапшасы

Жәнібек аудандық тарихи-өлкетану музей бөлімі
Хаби Халиуллиннің ордені мен кітапшасы

Сипаттама

ЖЕРЛЕС МАЙДАНГЕР ХАБИ ХАЛИУЛЛИННІҢ I ДӘРЕЖЕЛІ «ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ» ОРДЕНІ МЕН ОРДЕНГЕ АРНАЛҒАН КІТАПШАСЫ

Иесі: Хаби Халиуллин (1912 соғыстан кейінгі жылдары)

Жәдігерді тапсырған – Жәнібек ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы Ғани Бектиярұлы Қадырханов)

Өлшемі: Орден – диаметрі  45 мм; орден кітапшасының мұқабасы – 12 × 8 см.

Техникасы: орден – құйма және эмальдау әдісі; орден кітапшасы – баспалық қатты мұқабамен.

Материалы: орден – күміс, эмаль, түсті металл қорытпалары; орден кітапшасы – қағаз, қатты мұқаба, баспа.

Инвентарлық нөмірі: ЖМБ№233/1-№233/2

Жәнібек аудандық  тарихи-өлкетану музейінің қорындағы I дәрежелі «Отан соғысы» ордені мен оған арналған түпнұсқа орден кітапшасы – қазақ батырлығының, ерлік пен ұлттық рухтың айқын символы. Бұл жиынтық – Хаби Халиуллиннің неміс-фашист басқыншыларына қарсы елі мен жерін қорғауда көрсеткен жанқиярлық ерлігінің, әскери шеберлігінің және командирлік қабілетінің нақты тарихи дәлелі болып табылады.

Хаби Халиуллин 1912 жылы Жәнібек ауданы, Ақоба ауылында дүниеге келген. 1934 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, шекара әскерлерінің құрамында қызмет атқарады. Кейін 79-шы шекаралық полктың комиссары болып, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін майданға аттанады. Соғыс жылдарында Хаби Халиуллин Украина жеріндегі кескілескен шайқастарға қатысып, батальон командирі ретінде ерекшек өзге түседі. Харьков бағытындағы қиян-кескі ұрыстар кезінде полк командирі қаза тапқанда, Хаби Халиуллин командирлік міндетті өз   қолына алып, сол дивизия құрамындағы әскердің негізгі күшін аман алып қалуда үлкен ерлік көрсетеді. Оның ерлігі соғыстан кейін де ұмыт қалған жоқ. Украинадағы Харьков облысының Протопоповка селосында Хаби Халиуллинге арналған қазақ батырының зираты мен ескерткіші бар. Жәнібек ауданында оның есімі мектепке берілген, мектеп ауласында бюст-ескерткіш орнатылған.I дәрежелі «Отан соғысы» орденінің материалы: күміс, эмаль, түсті металл қорытпалары. формасы: жұлдызша пішіндес, ортасында балға мен орақ бейнесі бейнеленген. Орден кітапшасы қызыл түсті қатты мұқабадан тұрады. Ішінде орден иесінің толық деректері, марапаттау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні көрсетілген.

Scroll to Top