«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Фатиманың көйлегі

Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейі
Фатиманың көйлегі

Сипаттама

Көйлек.

Көк түсті муар матасынан тігілген. Жеңі ұзын, «қолшам» түрінде, етегі кең, артқы жағында сүйретпесі бар, мойны дөңгелек етіп ойылған. Кеуде тұсы бөлек тігіліп, белдемшемен жалғасқан, белбеуі бар. Көйлек артынан ілгектенеді. Етегіне екі геометриялық өрнек салынған, бірімен алмасып келіп отырады. Бірі тауыс құсының құйрығы тәріздес, екіншісі лира тәріздес, үстіңгі жағы жапырақ сияқты болып келсе, астындағы катушка түріндегі геометриялық өрнекпен әшекейленген. Өрнек үстіне пайетка, моншақ  тағылған. Етегіндегі капрон сетканың екі жағы паргадан жасалған жұмыршамен көмкерілген. Кеуденің тұсында байланған лента жүргізілген. Бұл көйлек Жәңгір ханның әйелі Фатима ханымның Ресей патшасы І Николайды таққа отырғызу рәсіміне қатысқан кезде киген еуропа стиліндегі  көйлегінің үлгісі.  сән Авторы: суретші-дизайнер Абдубаитова Айжан. Алматы қаласы, 2008 жыл. №9135/1

Scroll to Top