Ермек Қазиевтың домбырасы
Сипаттама
Домбыра – қазақтың дәстүрлі музыкалық аспабы. Бұл домбыра күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ермек Қазиевке тиесілі. 1982 жылы Шамғон Қажығалиев сыйлаған. Мойны жіңішке, қалақшалары қоңыр түсті, тиегі кішкентай. Төменгі тұсында сары түсті ою-өрнектер берілген. Пернелерінде ноталар көрсетілген. Осы домбырамен Ермек Қазиев Мәскеу қаласында, Германия елінде өнер көрсеткен.
Аспап ұзақ уақыт қолданыста болған, ескірген, бетінің жоғарғы тұсында жарылған жерлері бар, жырылған, кірленген.
Материалы/Техникасы: ағаш, екі ішекті
Музейлік нөмірі: 9737/2
Ермек Қазиевтің домбырасы 1982жылы Орда аудандық халық аспаптар оркестрі Мәскеуге барып, өнер көрсетеді. Алматыдағы Құрманғазы оркестріне арнайы тапсырыс арқылы алынған аспаптарды жерлес өнер иесі Шамғон Қажғалиев берген.Осы домбырамен талай додаларда өнер көрсеткен.