Домбыра (19 ғасырдың 1-жартысы)
«Домбыра – ұлттық рух» музейі
Сипаттама
Алмұрт тәрізді, екі ішекті қазақтың көне музыкалық аспабы.
Бұл домбыра XIX ғасырдың бірінші жартысында Орал облысы, Жаңғала ауданының №8 ауылынан шыққан шебер, домбырашы Қарабайдың қолынан шыққан.
1922 жылы аспапты Жоламанның әкесі — Иманғали Қасаев Қарабайдан сатып алған.
Сақталу күйі: жақсы
Түрі: екі ішекті ағаш домбыра
Датасы: XIX ғасырдың бірінші жартысы
Шығу тегі: Орал облысы, Жаңғала ауданы
Орналасқан орны: музей қоры
№4818