«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Дән егетін құрал

Ақпәтер тарихи-өлкетану музейі
Дән егетін құрал

Сипаттама

Қазақ халқы өздеріне қажетті азықтық дәнді-дақылдарды жыртылып тырмаланған жерлерге белгілі бір мөлшерде,қажетті тереңдікке дәнді егу үшін қолдан аспап жасаған.Ұзындығы 92 см,ені 5,5см,қалыңдығы 2см болатын екі тақтайшаны қозғап ашып, жауып тұратын етіп ось арқылы бір біріне беркіткен. Тақтайшаның бір жағына қаңылтырдан иіп дән салып қоятын қорапша беркіткен. Сол иілген қаңылтырдың басынан 2см төртбұрышты етіп тесіп, ішкі жағына тесілген тесік арқылы дәнді ең төменгі лотокқа тартып алып, мөлшерін реттеу үшін болт орнатқан. Кейін ағашты қозғап дәнді жерге түсірген. Төменгі жағына құралды жерге батыру үшін иінді орнатылған. Бұл құрал қолмен басқаратын тұқым себушінің( сеялканың) қарапайым түрі болып табылады, ол дәнді тереңдікке бірқалыпты және мөлшерлеп себуге мүмкіндік берген.

Сапасы: Ағаш , қаңылтыр

Көлемі: Ұзындығы-92см; Ені-5,5см, қалыңдығы 2см
1910 жылы жасалған.

Тапсырған адам: Сүндетов Қисмет, Ақпәтер ауылының тұрғыны,

Scroll to Top