Білезік
Мұхит Мералиев атындағы тарихи – өлкетану музейі
Сипаттама
БҚО, Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылының тұрғыны Сағынова Айжамал Мұхит Мералиев атындағы тарихи – өлкетану музейіне сый ретінде тапсырған. Білезіктің пішіні толқын тәрізді иректелген. Ортасында шеңбер орналасқан. Шеңбер ішінде қошқар мүйіз өрнегі бейнеленген. Айналасында өсімдік өрнектерімен көмкерілген. Білезіктің жиектерін ұзын сызықшалармен көркемдеген. Тұтынылған, қарайған.
Материалы — темір.
Көлемі 4,5х3 см.