Балбал тас
Сипаттама
Балбалтастар – түркі дәуірінен қалғантастан қашалып жасалған адам бейнесіндегі көне ескерткіштер, «ата-баба аруағына қойылған тасмүсін» деген мағына береді. Бүгінгі құлпытастар – сол балбалдардың жалғасы. Балбал – тастан қашалып жасалған адам бейнесіндегі ескерткіш.
Музейдегі балбалтас Зеленов ауданы Дарьинск ауылында кенеттен табылған. Биіктігі — 125 см. Ертеде адам дүниеден өткенде зират басына тастан мүсін қаланған. Бірақ Орта Азияда ислам діні енгізілгеннен кейін мұндай мүсіндердің жасалынуына тыйым салынып, тас мүсіндер құлпытастармен алмастырылды. Ер адамның құлпытасы әйел адамға арнап жасалынған құлпытастан өзгешелеу келеді. Біріншіден, олар сәл биігірек болса, екіншіден, қару-жарақ, сауыттың бөлшектері бейнеленеді. Ал әйел адамның құлпытасында көбінесе тұрмыс заттары мен әшекей бұйымдардың бейнесі көрініс тапқан.