Аңшылық бұйым-дауылпаз
Сипаттама
Сиырдың мүйізінен жасалған аспап. Аңшылық кезінде аң-құстарды үркіту үшін қолданған. Дауылпаздың негізгі қызметі- аңшылық кезінде аң-мен құстарды үркіту немесе оларды қажетті бағытқа қарай айдау үшін үрлеу арқылы қатты дыбыс шығару. 1880 жылы қазақ қолөнер шеберлері мен ұсталарының қолынан шыққан.
Сапасы: жақсы сақталған, Мүйіздің жалпақ жағы қуысталып,ашық етіп жасалған. Қуыс диаметірі — 4,5см. Жалпақ жағынан 1 см арақашықтықта 0,5см орап әшекей үшін жүргізілген сары металдан жолағы бар.Одан төмен дыбыс шығару үнін реттейтін 0,3мм тесікше жасалған.Мүйіздің ішкі жағынан орта тұсында бекітіп бау байлау үшін темірден шығыршық бекітілген.Сол шығыршықтан 1 см төменде сары металдан әшекейлеп жолақ жүргізген.
Тапсырған адам: Ғаббасов Зинат, Жалпақтал ауылының тұрғыны, ерте кезде осы Ақпәтер ауылының Байтұрған бөлімшесінде тұрған,бұл аңшылық бұйымды әкесінің көзі ретінде сақтап келген.