«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Ағаш аяқ

Ақпәтер тарихи-өлкетану музейі
Ағаш аяқ

Сипаттама

Қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарының бірі. Табақ – ет, бауырсақ, сүт тағамдарын салуға арналған ағаштан ойып жасалған ыдыс. Табақ жеңіл, сынбайды және тағамның дәмі мен иісін ұзақ сақтайды.

Шебер ағашты кептіріп, пышақ пен оймыш құралдарының көмегімен өңдеп, жылтырата сүрлеген. Бұл бұйым қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің, әсіресе ағаш ұсталығының жоғары деңгейін көрсетеді. 1882 жылы жасалған.

Сапасы: Қайың

Көлемі: ернеуі 37см, тереңдігі 6см, диаметр 37см
Тапсырған адам: Құспанғалиев Балтабек, Ақпәтер ауылының тұрғыны. Арғы атасы Әбдіреш бабасының қолымен жасаған ыдысы, баласы Құспанғали ерте қайтыс болып, немересі Мұғазды тәрбиелеп өсіріп, шөбересі дүниеге келгесін Балтабек деп атын қойып сосын дүниеден озған екен.

Scroll to Top