«Атадан қалған ақ сауыт» көрмесінің ашылуы
16:00 – «Атадан қалған ақ сауыт» көрмесінің ашылуы. Сауыт тоқу, зергерлік әшекей бұйым жасау, басқұр тоқу бойынша шеберлік сағаттары.
Қару-жарақ – тек соғыс құралы емес, ол адамзат өркениетінің дамуын, технологиялық жетістіктерін және мәдени ерекшеліктерін көрсететін тарихи жәдігер, ол – ерлік, намыс, тәуелсіздік үшін күрестің символы. Көрме арқылы келушілерге дала өркениетінің әскери мәдениеті мен рухани құндылықтары таныстырылады. Көрме қару арқылы әр дәуірдің рухын, қоғамның өзгерісін және адамның қорғану мен билікке ұмтылысын ашады.
Көрме келушілерге қару-жарақтың эволюциясын, мәдени мұрасын ғылыми тұрғыда таныстырып, тарихи кезеңдерді түсіндіреді. Сондай-ақ көрме өңірдің тарихи жауынгерлік мәдениетін насихаттап, қазақ батырларының қару-жарақтарын дәріптейді. Сол арқылы жастарға патриоттық тәрбие беріп, қару арқылы бейбітшіліктің қадірін ұғындырады.
Көрме залдарында майталман шеберлер сауыт тоқу, зергерлік әшекей бұйым жасау, басқұр тоқу бойынша шеберліктерімен бөліседі. Келушілер шеберлерден басқұр тоқу, сауыт өру, зергерлік әшекей бұйым жасаудың әдіс-тәсіліне қанығып, шебердің образында фотосуретке түседі.