«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастыратын мәдени-танымдық мерекелік шараларының бағдарламасы

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастыратын мәдени-танымдық мерекелік шараларының бағдарламасы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастыратын мәдени-танымдық мерекелік шараларына шақырамыз!
? 10:30 – «Орал – ашық аспан астындағы музей» туристік-танымдық жобасының тұсаукесері және қала экскурсиясы;
? 11:00– «Көне ойыншық — кемел тәрбиенің көзі» атты балаларға арналған көрменің ашылуы, ұлттық ойындар;
? 16:00 – «Атадан қалған ақ сауыт» қару-жарақ көрмесінің ашылуы, сауыт тоқу, зергерлік бұйым жасау және басқұр тоқу шеберлік сағаттары;
? 20:00 – «Ғасырлар үнін сақтаған қасиетті орда» мерекелік концерті және «Құпия жәдігер» көрмесінің ашылуы.
✨ Бағдарлама аясында қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтеді.
? Мекенжай: Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 184
Сіздерді мерекелік шарада күтеміз!

Scroll to Top