Музей мәселесін талқылаған жиын!
Алматы қаласында ЮНЕСКО-ның өңірлік бюросы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі сарапшылары, ЮНЕСКО мамандары және облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің директорлары қатысқан дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Жиынды ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кеңсесінің мәдениет жөніндегі маманы Филипп Деланг ашып, шараның өзектілігін атап өтті. Алдымен жаңадан ашылған Алматы арт музейіне экскурсия жасалып, ЮНЕСКО маманы Айгүл Халафова мазмұнды баяндама жасады.
Кездесу барысында өңірлік музей директорлары саланың негізгі мәселелерін талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Жантас Набиоллаұлы Қазақстанда салынатын музейлерге нақты мемлекеттік стандарттар дайындау қажеттігін айтты. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне жаңа ғимарат салу, қор қоймаларын талапқа сай жабдықтау және қызметкерлердің жалақысын арттыру қажеттілігі жөнінде ойымен бөлісті.
Іс-шара қорытындысында Қазақстандағы музей саласын дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленетін болды.