«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

«Тәуелсіздікті аңсаған қазағым!» атты тарихи-танымдық шара өтті.

11.12.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ел тәуелсіздігі жолында қаны мен терін төккен қаһармандардың ерлігін дәріптеу, туған елінің тағдырына бейжай қарамайтын, ата-баба аманатына адал, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, егемен елдің патриоты бола алатын саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамытып, тарихи өткенге деген қызығушылығын арттыру көзделді. Аталған тарихи-танымдық шара мектеп кітапханасында ұйымдастырылып, оған 4 «б», 4 «в» сынып оқушылары мен кітапханашы Гүлзия Қазитоллақызы қатысты.
Шара барысында Жәнібек аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Гүлназ Гайдарқызы құттықтау сөз сөйлеп, жиналған қауымды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Ол халқымыздың азаттыққа жету жолындағы сан ғасырлық күресіне тоқталып, тәуелсіздіктің ата-бабалар аңсаған қасиетті арман екеніне назар аударды.
Шараның қорытынды бөлімінде қатысушылар ақын Алмас Ахметбектің сөзіне жазылған, сазгер Ермұрат Зейіпханның «Көк тудың желбірегені» атты әнін бірлесе шырқап, елге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік сезімдерін айқын танытты.

Scroll to Top