«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Экскурсоводтар үшін мобилография және видеомонтаж бойынша оқу семинары өтті.

02.12.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының тапсырмасы бойынша музейдің цифрлық технологиялар және маркетинг бөлімі облыстық және қалалық филиалдардың экскурсоводтарына арналған оқыту семинарын ұйымдастырды.

Семинарға мобилографияның негіздері мен бейнемонтаж бойынша практикалық дағдылар алуға ниет білдірген барлық қызметкерлер қатысты. Қатысушылар смартфондарына қажетті мобильді қосымшаларды орнатып, түсірудің негізгі әдістерін меңгеріп, бейнемонтаждың бастапқы құралдарымен жұмыс істеуді тәжірибе жүзінде байқап көрді.

Оқу барысында экскурсоводтар қысқа бейнеролик түсіріп, оны өздері өңдеп көру арқылы жаңа білімдерін бекітті.

Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, алынған білімнің жұмыста үлкен көмек болатынын атап өтті. Сондай-ақ олар бұл бағыттағы оқу-тренингтерді жалғастыруға қызығушылық танытып, өз бөлімшелерінде мобилография дағдысын дамытуға ниетті екендерін жеткізді.

Scroll to Top