Музейде ғылыми кеңес құрылды
Музейде ғылыми кеңес құрылды
2025 жылғы 22 қазан күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Жантас Нәбиоллаұлы, өлкетанушы, журналист, ақын Қазбек Құттымұратұлы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы Нұрлан Қуанышұлы, музей саласының ардагері Сара Есқайырқызы және музей қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізді.
Кездесу барысында музей директоры музей жанынан ғылыми кеңес құру туралы ұсыныс білдіріп, шақырылған қатысушыларды кеңес мүшелігіне ұсынды. Директор кеңестің жұмысы жәдігерлердің ғылыми маңызын айқындауға, жобалар әзірлеу кезінде кәсіби мамандардың пікірін ескеруге және музей ісін жаңа деңгейге көтеруге бағытталатынын атап өтті.
Қатысушылар ұсынысты жылы қабылдап, Сара Есқайырқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, ғылыми кеңестің музей жұмысындағы маңыздылығын атап өтті. Ғылыми кеңес құрамында т.ғ.к. Альфия Байболсынова, т.ғ.к. Жаңабек Жақсығалиев, т.ғ.к.Жәнібек Исмурзин енді.
Сонымен қатар жиын барысында Ғұмар Қараштың 150 жылдығына арналған көрмені ұйымдастыру мәселесі де қаралды.