«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

Мәдениет комитеті өкілі Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде

21.10.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Мәдениет комитеті өкілі Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне келді.

Сапар барысында Сәбит Жалғасұлы музейдің экспозициялық залдарын аралап, XIX–XX ғасырларға тән тарихи жәдігерлермен және олардың сақтау жағдайымен танысты.

Музей директоры Жантас Набиоллаұлы мекеменің қазіргі жағдайы мен негізгі өзекті мәселелерін баяндады. Атап айтқанда, 190 жылдық тарихы бар музейдің ХІХ ғасырдағы ескі ғимаратта орналасқаны, ғимараттың тозығы жеткені және күрделі жөндеу қажеттілігі көтерілді. Сонымен бірге, заманауи талаптарға сай жаңа ғимарат салу — мекеменің басты стратегиялық міндеттерінің бірі екені атап өтілді.

Кездесу барысында сондай-ақ штаттық кестеге қажетті штаттық бірліктер қосудың және жалақы көлемін ұлғайтудың маңыздылығы туралы ұсыныстар айтылды.

Министрлік өкілі көтерілген мәселелерді назарға алатынын және ұсыныстарды жазбаша беруді тапсырды.

Scroll to Top