«Өткеннен тағылым алып - болашаққа сеніммен қадам бас!»

«Теңге – мемлекет кепілі» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

14.11.2025 «Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК

Көрмеге Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі Жасқайрат Наурызұлы мен аталмыш мектептің 5-сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің шығу тарихы, валюталық қарым-қатынасты нығайтудағы рөлі, қолданыстағы маңызы, сондай-ақ сол кезеңдегі экономикалық қиындықтарға төтеп берген мемлекетіміздің өркендеу жолдары мен тәуелсіз ел ретінде жеткен жетістіктері туралы кеңінен әңгімеленді. Көрме барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Ақшаны құрастыру» атты танымдық ойын ұйымдастырылды.
Шара соңында қатысушылар 1993 жылғы үлгідегі банкноттармен танысып, қазақ халқының әйгілі ханы, мемлекет қайраткері Абылай хан бейнеленген 100 теңгелік, шығыстың ғұлама ойшылы, математик-философ Әл-Фараби бейнеленген 1 теңгелік, айтыс өнерінің майталманы, ақын Сүйінбай Аронұлы бейнеленген 3 теңгелік, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлы бейнеленген 20 теңгелік, ұлы күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлы бейнеленген 5 теңгелік, және ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов бейнеленген 10 теңгелік түпнұсқалық банкноттарды тамашалады.

Scroll to Top