Қазақстан – Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында форум қонақтары музейге келді.
Орал қаласында өтіп жатқан Қазақстан – Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында бірқатар делегаттар мен қатысушылар Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне арнайы келді.
Қонақтар музейдің негізгі экспозицияларымен танысып, өңірдің көне тарихы мен мәдени мұрасына ерекше қызығушылық танытты. Музей қызметкерлері делегация мүшелерін облыстың ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі тарихи дамуы, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі және Батыс өңірінен шыққан көрнекті тұлғалардың өмір жолымен кеңінен таныстырды.
Музейге келген қонақтардың арасында Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Айнагүл Ағыбайқызы мен экономика басқармасының жетекшісі Наталия Геннадьевна болды. Олар музей ұжымының қызметіне жоғары баға беріп, жылы лебіздерін білдірді.
Қонақтардың бейнепікірін төмендегі видеодан көре аласыздар.
Келушілер Қазақстан мен Ресей халықтарын байланыстыратын ортақ тарихи және мәдени мұраның маңызын атап өтіп, мұндай кездесулердің елдер арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі зор екенін айтты.